7-Minute Research (7MR) байқауы: Шабыттандыратын зерттеулер, сананы дамытып, қоғамға ықпал қалыптастыру
Профессор Шазим Мемонның бастамасымен ұйымдастырылған 7MR байқауы 2026 жылғы 9–10 сәуірде өтетін NU SEDS-тің 2-ші жыл сайынғы зерттеу конференциясы аясында Назарбаев Университетінде алғаш рет өткізіледі. Тұжырымдама SEDS Зерттеу комитеті тарапынан мақұлданды.
Байқаудың негізгі идеясы - бакалавриат, магистратура және PhD студенттеріне өз ғылыми зерттеулерін 7 минут ішінде таныстыру мүмкіндігін беру.
Іс-шара университет студенттерінің ғылыми коммуникация дағдыларын дамытуға, ғылыми зерттеулердің қоғамдық маңызын бағалауға, сондай-ақ Қазақстанда және кеңірек ауқымда зерттеу мәдениетін нығайтуға бағытталған.
Қатысу талаптары және іріктеу кезеңдері
  • Қазақстанның кез келген жоғары оқу орнында білім алып жатқан бакалавриат, магистратура және PhD студенттері (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік студенттер) байқауға қатысуға құқылы.
  • Өтініш берушілер ұсынылған ғылыми жұмыстың өздері тарапынан орындалғанын және оның академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес екенін растауы тиіс.
  • Бірінші кезеңде студенттер өз зерттеулері бойынша 7-минуттық бейнепрезентация дайындап, оны Комитеттің қарауына ұсынуы қажет. Іріктеу нәтижесінде финалға өтетін жеті қатысушы анықталады. Финалдық кезеңде олар өз жұмыстарын 2026 жылғы 9–10 сәуірде Назарбаев Университетінде офлайн форматта ұсынады.
  • Егер финалға өткен қатысушы қандай да бір себеппен қатыса алмаса, оның орнына келесі үміткер финалға өтеді.
Байқау Ережелері
  • Презентация ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
  • Топтық презентацияларға рұқсат етілмейді. Тек жеке ұсыныстар ғана қабылданады.
  • Презентация 7 слайдтан аспауы тиіс.
  • Презентация уақыты 7 минутпен шектеледі. Уақыт талабын сақтамаған қатысушылар байқаудан шығарылады.
  • Бірінші кезең үшін қатысушылар берілген PowerPoint шаблоны бойынша дайындалған 7-минуттық бейнепрезентацияны ұсынуы қажет.
    Бейнежазбада слайдтар да, баяндамашы да анық көрінуі тиіс. Шаблонмен танысуыңызды сұраймыз.
Бағалау критерийлері
7MR Ақпараттық Сессиясы
7-Minute Research (7MR) байқауы бойынша ақпараттық сессия конкурс форматы, өтінім беру талаптары және тиімді 7 минуттық зерттеу таныстырылымын дайындау бойынша ұсыныстарға шолу жасады.

Сессияға қатыса алмадыңыз ба? Төмендегі негізгі материалдарды жүктеп алып, өтініміңізді дайындаңыз.
Жүлделер
  • Бірінші орын

    300 000 KZT-ге дейінгі жүлде пакеті

  • Runner-Up

    150 000 KZT-ге дейінгі жүлде пакеті

  • Бакалавриаттың үздік зерттеушісі

    75 000 KZT-ге дейінгі жүлде пакеті

  • Қоғамдық әсері үшін үздік жоба

    75 000 KZT-ге дейінгі жүлде пакеті

  • Көрермендер таңдауы сыйлығы

    100 000 KZT-ге дейінгі жүлде пакеті

Қысқаша шолу және уақыт кестесі
Қаңтар
7MR байқауына өтініштер қабылдау басталады
31 Наурыз
І кезең - студенттер байқауға өтініш тапсырып, 7MR бейнепрезентациясына жібереді.
6 Сәуір
7MR финалға өтетін жеті қатысушы анықталады.
6 Сәуір
7MR финалистері слайдтар жібереді.
9-10 Сәуір
7MR финалдық байқауы.
9-10 Сәуір
7MR байқауының жеңімпаздары SEDS-тің жыл сайынғы зерттеу конференциясы аясында сертификаттар мен жүлделермен марапатталады.
Байланыс
Профессор Шазим Али Мемон - ғылыми жұмыс жөніндегі деканның міндетін атқарушы, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университеті - 7mr@nu.edu.kz